---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/27/ajdyn-rahymbaev-resejdegi-mobilizaciyadan-qashyp-kelgen-qazaq-qandastargha-zhataqhanadan-oryn-beretin-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айдын Рахымбаев Ресейдегі мобилизациядан қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын беретін болды

![Айдын Рахымбаев Ресейдегі мобилизациядан қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын беретін болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/ajdyn.jpg)

**Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев Ресейдегі мобилизациядан қашып келген қазақ қандастарға жатақханадан орын беретінін мәлімдеді деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Қандас бауырлар! Соңғы күндері көрші елде орын алып жатқан жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Мобилизация деген сұмдық нәрсе ғой.. Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген қазақ бауырларымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де.. Обал-ай.. Кеткендердің көбісі аман келмейтіні анық қой..
> 
> 
> 
> 
> Сондықтан біз жігіттермен келген әскер жасындағы қазақтарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік. Елге қарай жетсе болды ғой.
> 
> 
> 
> 
> Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, өзіміздің қарапайым қазақтарымызды құтқарып қалайықшы..
> 
> 
> 
> 
> Осындай жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, қашан және кім көрсетеді..
> 
> 
> 
> 
> P.S. Осы жағдайдағы бауырларымыз болса, жекеге жазыңыздар. Көмекшілерім қажетті ақпаратты береді, — деп жазды кәсіпкер Instagram парақшасында.

---

Жарияланды: 2022-09-27T04:26:16+06:00

Жаңартылды: 2022-09-27T04:26:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/27/ajdyn-rahymbaev-resejdegi-mobilizaciyadan-qashyp-kelgen-qazaq-qandastargha-zhataqhanadan-oryn-beretin-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.