---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/26/qazaqstan-sim-lwgansk-men-doneckidegi-referendwmgha-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан СІМ Луганск мен Донецкідегі референдумға қатысты пікір білдірді

![Қазақстан СІМ Луганск мен Донецкідегі референдумға қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/1068219925_0_819_3072_2048_1920x0_80_0_0_c986c1c50c6080ee41bef4a2dfc53f4f.jpg)

**ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Луганск, Донецк, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу жөнінде референдум өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңызы туралы мәлімдеді», — деді ол

ҚР СІМ өкілі жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі жайында айтылғанын еске салады.

> «Біз саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды», — деді Айбек Смадияров.

---

Жарияланды: 2022-09-26T05:33:27+06:00

Жаңартылды: 2022-09-26T05:33:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/26/qazaqstan-sim-lwgansk-men-doneckidegi-referendwmgha-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.