---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/23/qr-uqk-resejmen-shekaradaghy-ahwal-baqylawda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР ҰҚК: Ресеймен шекарадағы ахуал бақылауда

![ҚР ҰҚК: Ресеймен шекарадағы ахуал бақылауда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/632c516c97df1239958554.jpg)

**Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.**

> «Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалады. Ахуал ерекше бақылауда.
> 
> 
> 
> 
> Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
> 
> 
> 
> 
> Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.
> 
> 
> 
> 
> ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», — делінген ресми хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-09-23T05:52:02+06:00

Жаңартылды: 2022-09-23T05:52:26+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/23/qr-uqk-resejmen-shekaradaghy-ahwal-baqylawda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.