Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар қымбаттады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE қор биржасына сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 480-484 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 481,5-487 теңге аралығында құбылып тұр.

21 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, 477,86 теңге болған.

Ұлттық банктің 22 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 477,73 теңге.