---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/22/almatyda-kalashnikov-avtomatyn-satpaq-bolghan-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Калашников автоматын сатпақ болған ер адам ұсталды

![Алматыда Калашников автоматын сатпақ болған ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/220922092921698e.jpg)

**Алматыда Калашников автоматын 3 миллионға сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты.

> — Арнайы іс-шара барысында қару-жарақ сатумен айналысты деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғандығы және кімдікі екендігі анықталатын болады, — деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.

 

---

Жарияланды: 2022-09-22T05:18:07+06:00

Жаңартылды: 2022-09-22T05:18:07+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/22/almatyda-kalashnikov-avtomatyn-satpaq-bolghan-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.