---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/21/qaraghandy-oblysynda-zhol-apatynan-eki-daeriger-qaza-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза болды

![Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/photo_104481.jpeg)

**Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер қаза тауып, «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС Балқаш қалалық емханасының сегіз медицина қызметкері зардап шекті, — деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

> «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтады.
> 
> 
> 
> 
> Жол апатынан Балқаш қаласындағы «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкері зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы «Қазақмыс» компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
> 
> 
> 
> 
> Министрлік атынан мезгілсіз көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
> 
> 
> 
> 
> Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды», — делінген министрлік хабарламасында.

---

Жарияланды: 2022-09-21T05:17:23+06:00

Жаңартылды: 2022-09-21T05:17:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/21/qaraghandy-oblysynda-zhol-apatynan-eki-daeriger-qaza-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.