Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты

Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты

Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 16 қыркүйекте Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тасжолының бойындағы Қарақия ауданында болған.

— Шетпе ауылына бет алған ВАЗ 21154 көлігінің жүргізушісі екі түйені қағып кеткен. Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.