---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/20/air-astana-aewezhaj-kompaniyasy-esikten-esikke-zhetkizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Air Astana» әуежай компаниясы MyMAIL «Есіктен есікке» атты пошта жеткізу қызметін іске қосты

![«Air Astana» әуежай компаниясы MyMAIL «Есіктен есікке» атты пошта жеткізу қызметін іске қосты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/911b69ef6ffe1052dcd1410e4d1a63b3-big.jpg)

**«Air Astana» әуежай компаниясында MyMAIL «Есіктен есікке» атты пошта жеткізу қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды Qazaqpress.**

Әзірге жоба тексеріс үстінде және Алматы мен Астана қ. арасындағы рейстер арқылы жедел пошта ғана жеткізіледі.

Пошта жеткізу туралы өтінішті <https://mymail.airastana.com/> сайтында онлайн түрде беруге болады. Алайда, міндетті түрде сәлемдеменің түрі мен салмағы, жөнелтуші мен қабылдаушының мекен-жайы көрсетілу тиіс. Қызмет құны жөнелтуші-қабылдаушы мекен-жайы мен әуежайдың арасындағы қашықтыққа байланысты есептеледі. Ал, тапсырыс номері арқылы сәлемдеменің жолын бақылауға болады.

Жіберілетін сәлемдеменің талаптары:  

1. Салмағы 5 кг дейінгі жазбаша хат-хабар жіберуге болады;  

2. Сәлемдеменің салмағы 5 кг және 35х45х15 см аспау тиіс;  

3. Құжаттардың түпнұсқасын ( төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.) жіберуге болады.

Әуежайда қауіпті жүктер мен жөнелтуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін тек қапталып, жабылмаған сәлемдемелер қабылданады. Жөнелтуге тыйым салынған заттардың тізімі [mymail.airastana.com](http://mymail.airastana.com) сайтында жарияланған. Сонымен қатар, тұтынушы өз қалауымен ұшып келген соң да сәлемдеме жолдауға өтініш бере алады.

Анықтамалық телефон: +7 727 270 3140; +7 727 270 3053

---

Жарияланды: 2022-09-20T08:57:24+06:00

Жаңартылды: 2022-09-20T09:19:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/20/air-astana-aewezhaj-kompaniyasy-esikten-esikke-zhetkizedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.