---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/19/almatyda-sain-koeshesi-waqytsha-zhabylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады

![Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/200824162237251a3686719i.jpg)

**Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Qazaqpress Қалалық мобилділік басқармасы мәліметіне сілтеме жасап.**

> — Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Саин көшесінің мына бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
> 
> 
> 
> 
> - Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі — 19 қыркүйек сағат 21:00 мен 20 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
> - Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін — 20 қыркүйек сағат 21:00 мен 21 қыркүйек сағат 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағат 21:00 мен 22 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
> - Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі — 23 қыркүйек сағат 21:00 мен 24 қыркүйек сағат 06:00 және 24 қыркүйек сағат 21:00 мен 25 қыркүйек сағат 06:00 аралығында, — делінген хабарламада.

Жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғаны айтылды.

> — Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген басқарма хабарламасында.

---

Жарияланды: 2022-09-19T06:49:56+06:00

Жаңартылды: 2022-09-19T06:49:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/19/almatyda-sain-koeshesi-waqytsha-zhabylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.