---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/19/aldanghandar-sany-koep-qazmunajgaz-kompaniyasynyng-atynan-zheke-qosymshalar-shyghwda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алданғандар саны көп: «ҚазМұнайГаз» компаниясының атынан жеке қосымшалар шығуда

![Алданғандар саны көп: «ҚазМұнайГаз» компаниясының атынан жеке қосымшалар шығуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/img_20220919_133430.jpg)

**Алаяқтар «ҚазМұнайГаз» компаниясының атынан Play Store, AppStore және т.б. платформаларда түрлі «инвестициялық» қосымшаларды шығаруда, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Өткен мақалада біз «ҚазМұнайГаз» мұнай өндіру компаниясының атынан түрлі жарнамалар мен фейк ақпарат тарап жатқаны туралы [жазған](https://qazaqpress.kz/2022/08/25/kazmunajgaz-alayaqtyqtyng-shyngy-zhetti-me/) едік, бірақ алаяқтар бір орында отырмайды. Қазіргі таңда Play Store, AppStore және т.б. платформаларда алаяқтық қосымшалар қаптап кеткен және ең көп таралған алаяқтық қосымшалардың бірі – ҚМГ атынан ашылуда.

ҚМГ атынан ашылып жатқан алаяқтық қосымшалар инвестициялық сипатты қамтиды. Алаяқтар жиі Қазақ елінің құлағына бұл-бұл әніндей естілетін «қазба байлық», «халық қолдануында» сынды сөз тіркестерін қолданады. Олар интернет қолданушыларды «еліміздің қазба байлығын ақылмен қолдан, инвестиция жаса» деген ұранмен тартуда.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/09/img_20220919_123621-524x1024.jpg)

Мысалы, қосымшалардың бірінде «Смартфоныңыздағы инвестиция» деген сипаттама берілген.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/09/img_20220919_124500-519x1024.jpg)

Онымен қоса алаяқтық қосымшаларды жүктеп алғандардың ең көп саны шамамен 50 мыңға жетеді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/09/img_20220919_124737-516x1024.jpg)

Сонымен қатар назарларыңызды «ресми» сөзі бар сөйлемдерге аударалық. «Ресми» деген анықтамасы бар дүниенің бәрі ресми сипатқа ие болып кете алмайды. Егер «ҚазМұнайГаз» жеке қосымшасын шығарып жатса, ол жайлы ақпарат міндетті түрде ресми сайттың өзінде көрсетілу тиіс. Оған қоса, ондай ауқымды жаңалық БАҚ-тың құлағынан шалыс өтпейтіні анық.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/09/img_20220919_125517-530x1024.jpg)

Әзірге тек алаяқтық қосымшаларды жүктеп алғандардың саны белгілі, алайда алаяқтардың арбауына ілігіп қалғандар жайлы белгісіз.

Естеріңізге сала кетелік, «ҚазМұнайГаз» мұнай өндіру компаниясының ресми сайтында ескертпе хабарлама жазылған. Ескертпеде алаяқтар ҚМГ-ның атынан жалған сайттар, қосымшалар және әлеуметтік желілерде парақшалар ашуда делінген, ал қорытындысында әлеуметтік желілердегі өздерінің ресми парақшаларын белгілеп қойды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/09/img_20220919_130418-822x1024.jpg)

*Бейне [kmg.kz](https://www.kmg.kz/rus/) сайтынан алынды*

«ҚазМұнайГаз» компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтеме арқылы өтуге болады: [YouTube](https://www.youtube.com/user/KazMunaiGas), [Facebook](https://www.facebook.com/kazmunaygaspress/), [Instagram](https://www.instagram.com/kazmunaygaspress/?hl=ru), [Telegram](https://t.me/kmgpress)

---

Жарияланды: 2022-09-19T07:37:18+06:00

Жаңартылды: 2022-09-19T11:26:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«ҚазМұнайГаз»](https://qazaqpress.kz/tag/qazmunajgaz/), [алаяқтық](https://qazaqpress.kz/tag/alayaqtyq/), [инвестиция](https://qazaqpress.kz/tag/investiciya/), [фейк](https://qazaqpress.kz/tag/fejk/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/19/aldanghandar-sany-koep-qazmunajgaz-kompaniyasynyng-atynan-zheke-qosymshalar-shyghwda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.