---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/12/oralda-balalar-uejinen-qashqan-eki-zhetkinshek-izdestirilip-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда балалар үйінен қашқан екі жеткіншек іздестіріліп жатыр

![Оралда балалар үйінен қашқан екі жеткіншек іздестіріліп жатыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/220911235909101e.jpg)

**Оралда жоғалып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылында болған.

> «10 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 см, шашы қара, қой көзді. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 см, шашы ашық-сары, қысқа, қой көзді. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомстводан.

---

Жарияланды: 2022-09-12T05:46:44+06:00

Жаңартылды: 2022-09-12T05:46:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/12/oralda-balalar-uejinen-qashqan-eki-zhetkinshek-izdestirilip-zhatyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.