Алматыдағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Qazaqpress Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.
– Жол құрылыс жұмыстарына байланысты қыркүйектің 12-нен 21-іне дейін түні сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін Райымбек бойымен Назарбаев даңғылынан Төретай көшесіне дейінгі көлік қозғалысы толығымен жабылады, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған.
Discussion about this post