---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/09/almaty-oblysynda-qangtarda-urlanghan-tapansha-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды

![Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/photo_103995.jpeg)

**Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.**

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді.

> — Іздестіру кезінде Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни «Қаруды заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

---

Жарияланды: 2022-09-09T06:57:45+06:00

Жаңартылды: 2022-09-09T06:57:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/09/almaty-oblysynda-qangtarda-urlanghan-tapansha-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.