---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/07/maezhilis-tungghysh-prezident-kuenin-memlekettik-mereke-qatarynan-alyp-tastawdy-qoldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады

![Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/733b4fcd976b409c73905357ea778f207a6c80f0b30407d138285c7aec519033.jpg)

**Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атап айтқанда, осы бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.

> «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістер осы заң жобасына енгізілген. Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», — деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

---

Жарияланды: 2022-09-07T07:42:04+06:00

Жаңартылды: 2022-09-07T07:42:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/07/maezhilis-tungghysh-prezident-kuenin-memlekettik-mereke-qatarynan-alyp-tastawdy-qoldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.