Тоқаев Қостанай облысына барды

Тоқаев Қостанай облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына барды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.