---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/05/taraz-qalasyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

![Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/220905104426137e.jpg)

**Президент Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.

Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.

2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

---

Жарияланды: 2022-09-05T05:57:37+06:00

Жаңартылды: 2022-09-05T05:57:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/05/taraz-qalasyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.