---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/05/iim-ormangha-aedeji-ot-qojghandar-8-zhylgha-dejin-bas-bostandyghynan-ajyrylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ: Орманға әдейі от қойғандар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

![ІІМ: Орманға әдейі от қойғандар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/photo_405902.png)

**Орманды қасақана жою немесе зақымдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басқарма басшысы Ермек Шүлден мәлім етті.

> «ҚР Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою арқылы немесе қоқыспен ластап, өзге де әрекетпен қасақана жою немесе зақымдау ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабымен сараланады. Аталған әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деді ІІМ тергеу департаментінің басқарма бастығы Ермек Шүлден.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт үшінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

---

Жарияланды: 2022-09-05T07:15:45+06:00

Жаңартылды: 2022-09-05T07:17:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/05/iim-ormangha-aedeji-ot-qojghandar-8-zhylgha-dejin-bas-bostandyghynan-ajyrylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.