---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/09/02/kamil-aqatov-ghylym-zhaene-zhoghary-bilim-vice-ministri-qyzmetine-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды

![Камиль Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/09/220901214219916e.jpg)

**Үкіметтің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.

2015-2016 жылдары — «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2022-09-02T06:43:13+06:00

Жаңартылды: 2022-09-02T06:43:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/09/02/kamil-aqatov-ghylym-zhaene-zhoghary-bilim-vice-ministri-qyzmetine-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.