---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/30/toqaev-qazaqstandyqtardy-konstitwciya-kuenimen-quttyqtady-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/daa-2665-2-scaled.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.**

> — Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын! Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті.
> 
> 
> 
> 
> Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келді.
> 
> 
> 
> 
> Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер! — деді Мемлекет басшысы.

---

Жарияланды: 2022-08-30T03:58:37+06:00

Жаңартылды: 2022-08-30T03:58:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/30/toqaev-qazaqstandyqtardy-konstitwciya-kuenimen-quttyqtady-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.