---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/29/aqmola-oblysynda-zirattan-qarw-zharaq-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды

![Ақмола облысында зираттан қару-жарақ табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/photo_103535.jpeg)

**Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Щучинск қаласы бағытындағы мұсылман зираты аумағынан жасырылған атыс қару-жарағын тапты, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап. **

Орыннан «НЦ-12» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, «Сайга-410» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 36 және 9 калибрлі патрондар тәркіленді. Табылған мылтықтар мен патрондар сараптамаға жіберілді.

Тексеру барысында иесі анықталды. Ол 48 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам 2015 жылы полицияға қару жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген.

---

Жарияланды: 2022-08-29T07:30:38+06:00

Жаңартылды: 2022-08-29T07:30:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/29/aqmola-oblysynda-zirattan-qarw-zharaq-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.