---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/27/whats-app-dabyly-turan-rajonynda-bala-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# What&#8217;s App дабылы: Тұран районында бала табылды

![What&#8217;s App дабылы: Тұран районында бала табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/20220827_003746.jpg)

**Тұран ауданындағы N10 автобусында 3 жасар бала табылды деген хаттама тарауда, деп хабарлайды Qazaqpress.**

What’s App әлеуметтік желісінде белсенді түрде Тұран ауданындағы N10 автобусында шамамен 3 жасар баланың табылғаны жайлы ақпарат тарауда. Бала қазақтілді көрінеді делінген хаттамада. Әзірге ақпараттың шын, өтірігі анықталған жоқ. Сонымен қатар, хаттамада нақты қай қала екені және баланың қай уақытта табылғаны жайлы ақпарат көрсетілген жоқ.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/08/20220827_003626-226x300.jpg)

Бүкіл Қазақстан бойынша Тұран ауданы (район Туран) тек Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында орналасқан және Шымкент қаласындағы осы жазда құрылысын бастаған Тұран микроауданы бар. Біздің ойымызша, хаттамада елордадағы Тұран даңғылы жайлы жазылған болу керек.

Қалай дегенмен, баланы таныған адамдарға 109 номері арқылы Ikomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарласуға кеңес берілген хаттаманың жалғасында.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/08/20220827_011612-300x155.jpg)

Алайда интернет кеңістік пен қалалық полиция бөлімшесінің сайтында жоғалған бала жайлы ешқандай арыз табылған жоқ. Сондықтан, жалған ақпарат таратқан үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармақшасы бойынша «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабына қатысты жалған ақпараттың авторының үстінен қылмыстық іс қозғалу мүмкін екенін ескертеміз.

---

Жарияланды: 2022-08-26T20:01:19+06:00

Жаңартылды: 2022-10-21T10:29:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Ikomek](https://qazaqpress.kz/tag/ikomek/), [Нұр-Сұлтан](https://qazaqpress.kz/tag/nur-sultan/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/27/whats-app-dabyly-turan-rajonynda-bala-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.