Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ресейдің барлық инвестициясы Мәскеуге құйылған. Қазақстан көршісінің ізін баспағаны абзал

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
31 августа, 2022
Ресейдің барлық инвестициясы Мәскеуге құйылған. Қазақстан көршісінің ізін баспағаны абзал

Жақында Ресейдің Орталық банкі елдегі аймақтық теңсіздік проблемасын көрсететін баяндамасын жариялады – Ресейдің барлық инвестициясы Мәскеуге бағытталған. Бұл ескі мәселе, бірақ соңғы жылдары ол шиеленісе түсті, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Ресей экономикасы өте қиғаш, кейбір аймақтар басқаларға қарағанда әлдеқайда дамыған. Бұл экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа елеулі әсерін тигізеді.

Ресейдің барлық инвестициясы Мәскеуге бағытталған

Соңғы 10 жылда шетелдік инвестициялар тек Мәскеуде шоғырланыпты. 11 жыл ішінде шетелден келген барлық инвестицияның жартысынан астамы сол Мәскеуге бағытталған болатын. 2011-2021 жылдар аралығында ресейлік капиталға құйылған шетелдік инвестиция 54% құрады.

Дамудағы мұндай теңсіздік түрлі проблемаларды тудыру мүмкін. Біріншіден, бұл аймақтар арасындағы теңсіздіктің өсуіне алып келеді. Екіншіден, ел экономикасын сыртқы факторларға тәуелді еткізіп, капитал үнемі аз-аздан азайып отыратын жағдайды жасайды.

Неліктен барлық ресейлік инвестиция Мәскеуге ағылып-төгілуде

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ресейде жұмыс істейтін көптеген ірі трансұлттық компаниялардың бас кеңсесі Мәскеуде, сондықтан шетелдік инвестициялардың басым бөлігі оған бағытталған. Сонымен қатар, басқа аймақтарға қарағанда ел астанасы көбірек пайда табуға мүмкіндік береді.

Себебі, Орталық федералды округтегі өндірістік, логистикалық және сервистік кәсіпорындардың басым көпшілігі Мәскеуде шоғырланған. Қаланың дамыған инфрақұрылымы көптеген кәсіпорындарды қолдауға қабілетті және қолжетімді білікті жұмыс күші бар.

Оған қоса көптеген кәсіпорындарға Мәскеуде орналасып қойған басқа кәсіпорындармен жұмыс істеген жеңілірек, сөйтіп оларға басқа аймақтарда жаңа серіктестерді іздеудің қажеті болмайды.

Проблеманың қауіптілігі неде

Алайда бұл жағдай ұзақ мерзімді стратегия үшін тиімсіз амал. Экономикадағы теңсіздікті азайтып, тұрақтылықты арттыру үшін барлық аймақтар да тең дәрежеде даму керек.

2011 жылдан бастап Мәскеу Орталық федералды округке келіп түсетін тікелей инвестицияның көп бөлігін өзіне иемденіп алды, ал соңғы үш жылда бұл диспропорцияның көрсеткіші тек одан сайын өсіп кетті: Мәскеудің Орталық федералды округтегі инвестициядан үлесі 94,5% құрайды. Егер Мәскеу облысын қосатын болсақ, онда бұл көрсеткіш әрлі-берлі 98%-ке жетіп тұр.

Нәтижесінде, тікелей инвестицияның басым бөлігі Мәскеуге түседі екен, ал елорда экономикалық даму бойынша Орталық федералды округте жетекші рол атқаруын жалғастыруда.

Басқа аймақтар тақырда отырып қалды

Тверь, Владимир, Калуга, Рязань, Смоленск, Ярославль, Тула, Тамбов және Белгородты қоса алғанда, Ресейдің көптеген облыстарына инвестиция құйылмайды.

Мәскеу – айналадағы барлық нәрсені тартатын қала, бұл оны Ресейдің ең ірі сауда, қаржылық, инвестициялық, көлік және мәдени орталығына айналдырады. Бірақ Ресей үшін бұл үлкен әрі қауіпті мәселе. Алайда ол ешкімді де қызықтырмайтын сияқты.

Тікелей инвестиция дегеніміз, цифрлар ғана емес. Әдетте бұл сауда, көлік және өндірістік инфрақұрылымның тиісті дамуы сияқты көрсеткіштердің арақатынасы, сондай-ақ іскерлік белсенділіктің жалпы көрсеткіші.

Аймақ бойынша статистика

10 облыс пен федералдық маңызы бар қалалар бүкілресейлік тікелей шетелдік инвестициялардың басым көпшілігін өзіне тартып алды, дәлірек айтсақ – 98%. Ал, негізгі 13 аймақты алатын болсақ, олар 100% ұтыста:

  • Мәскеу облысы – 54,2%,
  • Түмен облысы – 15,7%,
  • Сахалин облысы – 9,9%,
  • Мәскеу облысы — 4,4%,
  • Краснояр өлкесі — 2,8%,
  • Свердлов облысы – 2,8%,
  • Челябі облысы – 2,1%,
  • Липецк облысы — 2%,
  • Амур облысы – 1,3%,
  • Кострома облысы – 0,7%,
  • Татарстан Республикасы – 0,7%,
  • Нижний Новгород облысы — 0,5%.

2011 жылдан бастап Ресейдің өзге аймақтарына шетелдік инвестициялардың біреуі де үлесіне тиген емес. Шетелдік инвестицияның негізгі жолы Пермь өлкесінен, Кемерово, Ярославль және Ленинград облыстарынан өтеді – барлығы шамамен $16 млрд. құрады.

Ресейдегі ресурстар мен капиталдың гиперконцентрация мәселесі жақын арада шешілмейтін сияқты, өйткені онымен ешкім айналыспайды.

Қазақстан

Ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтпақшы, Тұжырымдама жобасында белгіленген негізгі міндеттер негізгі капиталға инвестициялау деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-іне жеткізу және 2026 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағынын 25,5 млрд. долларға дейін арттыру болып табылады. Бұл Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартуға және экономикалық өсімді жоғарылатуға көмектеседі.

Жыл сайын 20 миллиардтан астам қаржы тартылады

Соңғы 5 жылда еліміз жыл сайын 20 миллиард АҚШ долларын тарта отырып, шетелдік инвестиция көлемі бойынша жоғары орынды иемденіп отыр. Алайда 2020 жылғы жаһандық пандемияға байланысты жаһандық инвестиция ағыны 35%-ке қысқарды.

2021 жылы инвестиция ағыны қалпына келіп, көрсеткіштер бойынша Қазақстан 37,7%-ке арттырып, 23,7 млрд. доллар тартты. Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 2026 жылға қарай жыл сайынғы ТШИ ағыны $25,5 млрд-қа жету тиіс. Бизнес жағдайын жақсартып, Қазақстанды тартымды инвестициялық нысан ретінде ілгерілету үшін тынымсыз тұрақты еңбек пен күш-жігерді қажет етеді.

Кім Қазақстанға көп инвестиция құюда

Жалпы, 2021 жылы Қазақстанның негізгі инвесторлық мемлекеті Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей Федерациясы, Қытай, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Франция болды. Және Францияны қоспағанда барлығы да жақсы өсім көрсеткіштерін көрсетті.

Бағыт-салалар және инвестициялар

Инвестицияның өсуі барлық негізгі салаларда байқалды: тау-кен өнеркәсібінде – 18,3%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 65,4%-ке, саудада – 46,7%-ке, қаржы және сақтандыру қызметінде – 57,2%-ке, құрылыста – 37,8% өсті.

Алайда білім, денсаулық сақтау бойынша инвестиция үлесі – 61,6%-ке, сумен жабдықтау – 74,4%-ке төмендегені байқалды. Бұл Үкіметтің басқа маңызды салаларды назардан тыс қалдыра отырып, өз ресурстарын тек өнімді салаларға бағыттап жатқанын білдіреді.

Қазақстан аймақтары мен инвестициялар

2021 жылдың қорытындысы бойынша 11 өңірде шетелдік инвестиция тарту жұмысы жоспарлы көрсеткіштен асып түсті. Инвестицияның ең көп бөлігін Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы иемденген екен. Ал, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған.

Қорытынды

Мәскеу мен Ресей жағдайының мысалында Қазақстанның бір ғана аймақтың дамуына ден қоя алмайтынын көріп тұрмыз. Әрбір басшы тартылған инвестицияларды елдің барлық аймақтарын қамтып, олардың өсуіне ықпал ететіндей етіп бөлу стратегиясын мұқият ойластыру керек деп ойлаймыз.

Tags: инвестицияРесейҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

А сериясы: демалыс күндерінің басты футбол матчы

Келесі жаңалық

Тоқаев: Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Тоқаев: Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 445 жағдайы тіркелді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкі президентімен кездесу өткізді

Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкі президентімен кездесу өткізді

18 марта, 2022
Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда

Алматылық жастар референдумға белсенді қатысуда

6 октября, 2024
Масаң күйде «Volkswagen Golf 3» көлігін басқарған келіншек ұсталып қалды

Масаң күйде «Volkswagen Golf 3» көлігін басқарған келіншек ұсталып қалды

6 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.