---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/27/a-seriyasy-demalys-kuenderining-basty-fwtbol-matchy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# А сериясы: демалыс күндерінің басты футбол матчы

![А сериясы: демалыс күндерінің басты футбол матчы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/photo-2022-08-27-12-29-51.jpg)

**Туриндік «Ювентус» пен «Рома» арасындағы қарама-қайшылық әрқашан Италия футболының классикасы болған, 27 тамызда «Альянс» стадионында өтетін матч та соның қатарынан болары анық.**

«Кәрі синьора» италиялық А сериясының өткен маусымының ең мықты қорғаушысы бразилиялық Бремерді «Торинодан» сатып алған. Жартылай қорғаушы Пол Погба Туринге оралды, ол, өкінішке орай, тегіршек жарақатына байланысты 2 айға ойыннан шеттетілген, сондықтан бұл ойынға қатыса алмайды. Тағы да айта кетерлік жаңалық –  туриндіктер «ПСЖ»-дағы Анхель Ди Марионы командаға қосқан, ол шабуылға жаңа әдіс енгізеді деген үміт бар.

Соңғы 5 жылда Ювентустың көшбасшыларының бірі болған және ағымдағы маусымаралық кезеңде астаналық клубқа ауысқан аргентиналық Пауло Дибаланың «Рома» сапында пайда болуы ойынды шиеленіспен қызықтыра түсетіндей көрінеді.

Бізді керемет ойыншылардан құралған екі команданың ғана емес, сонымен қатар керемет үйірімпаз екі жаттықтырушы – Массимо Аллегри мен Хосе Моуриньоның дайындаған қызықты жекпе-жегі күтіп тұр. Өткен маусымда португалиялық бапкер үш ірі еуропалық клубтық кубокты: Чемпиондар Лигасын, Еуропа лигасын және ол үшін мүлдем жаңа турнир — Конференциялар лигасын қанжығасына байлаған әлемдегі жалғыз жаттықтырушы атанды.

**Parimatch коэффициенттері:**

[Ж1 – 2.46, Х – 3.20, Ж2 – 3.15](https://parimatch.kz/ru/events/juventus-roma-8895685)

---

Жарияланды: 2022-08-27T07:47:38+06:00

Жаңартылды: 2022-08-27T07:47:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/27/a-seriyasy-demalys-kuenderining-basty-fwtbol-matchy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.