---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/25/qazaqstanda-aek-pen-eng-toemengi-zejnetaqy-oesedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі

![Қазақстанда АЕК пен ең төменгі зейнетақы өседі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/ynxcatsk.jpg)

**Келер жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының ең төменгі мөлшерi 48 032​ теңгеден 53 076 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы «Ашық» НҚА сайтында талқылауға шығарылған Қаржы министрлігінің «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында көрсетілген.

> «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 21 907, ал зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге болып бекітілсін. Сонымен қатар жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға көтеріле отырып белгіленсін», — деп жазылған құжатта.

Бұдан бөлек, келесі жылдың қаңтарынан АЕК мөлшері өседі. Биыл ол 3 180 болса, 2023 жылы – 3 450 теңге болмақ. Бюджет жоспарына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге болып бекітілмек.

---

Жарияланды: 2022-08-25T06:05:23+06:00

Жаңартылды: 2022-08-25T06:05:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/25/qazaqstanda-aek-pen-eng-toemengi-zejnetaqy-oesedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.