---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/25/kazmunajgaz-alayaqtyqtyng-shyngy-zhetti-me/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «ҚазМұнайГаз»: алаяқтықтың шыңы жетті ме?

![«ҚазМұнайГаз»: алаяқтықтың шыңы жетті ме?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/20220825_205938.jpg)

**«ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайтының мәліметінше, бүгінгі таңда алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар жасап, сол арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына ақша салуды ұсынып жатыр. Сөйтіп алаяқтар мұнай мен газды сатудан жылдам пайда табуға уәде береді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ешқандай инвестициялық жобаларға Қазақстан азаматтарының қаражатын тартпайтынын мәлімдейді. Таратылып жатқан жарнама жалған және ақпараттық манипуцияға жатады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/08/20220825_211350.jpg)*Бейне [kmg.kz](https://www.kmg.kz/rus/) сайтынан алынды*

Үстіне қоса кетелік, Youtube және әлеуметтік желілердегі жарнамада көрсетілген видео-бейне материалдар ресми парақшалар мен интернет кеңістіктен алынған.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/08/20220825_210304-650x1024.jpg)

Компания Қазақстан азаматтарын қырағы болып, тек ресми ақпарат көздеріне құлақ асуға шақырады.

Компания қызметі туралы ақпарат тек ресми сайтта, сондай-ақ компанияның [YouTube](https://www.youtube.com/user/KazMunaiGas), [Facebook](https://www.facebook.com/kazmunaygaspress/), [Instagram](https://www.instagram.com/kazmunaygaspress/?hl=ru), [Telegram](https://t.me/kmgpress) әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылады.

Толығырақ: КазМұнайГаз компаниясының [Instagram парақшасынан](https://instagram.com/stories/kazmunaygaspress/2912612497052295184?utm_source=ig_story_item_share&#038;igshid=MDJmNzVkMjY=) біліңіздер.

---

Жарияланды: 2022-08-25T15:01:51+06:00

Жаңартылды: 2022-09-19T07:49:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«КазМұнайГаз»](https://qazaqpress.kz/tag/kazmunajgaz/), [алаяқтық](https://qazaqpress.kz/tag/alayaqtyq/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/25/kazmunajgaz-alayaqtyqtyng-shyngy-zhetti-me/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.