---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/24/toqaev-aezerbajzhangha-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Әзербайжанға барады

![Тоқаев Әзербайжанға барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/daa-2665-2-scaled.jpg)

**Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.
> 
> 
> 
> 
> Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
> 
> 
> 
> 
> Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», — делінген болатын Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-08-24T05:50:17+06:00

Жаңартылды: 2022-08-24T05:50:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/24/toqaev-aezerbajzhangha-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.