---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/22/pavlodarda-zejnetkerden-33-keli-marihwana-taerkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді

![Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/photo-5195108646885899983-y.jpeg)

**67 жастағы павлодарлықтан 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

> – Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2022-08-22T07:43:08+06:00

Жаңартылды: 2022-08-22T07:43:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/22/pavlodarda-zejnetkerden-33-keli-marihwana-taerkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.