---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/16/tamara-qosybaeva-qajtys-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тамара Қосыбаева қайтыс болды

![Тамара Қосыбаева қайтыс болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/62fa6ad715d80.jpg)

**Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Қосыбаева өмірден озды, деп хабарлайды Qazaqpress Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Қазақ мәдениетінің бір көбесі сөгілді. Театрымыздың аяулы анасы болған, халқының қалаулысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, театр және кино актрисасы Тамара Өкіметқызы Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды.
> 
> 
> 
> 
> Аса қадірлі тұлға өлшеулі ғұмырын саф сұлу театр өнеріне арнап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар жемісті қызмет етті. Театр сахнасында актриса сомдаған Буратино, Әлия Молдағұлова, Күлпаш, Айбала сынды қайталанбас кейіпкерлері көрермен жадында мәңгі сақталмақ. Ғұмырын өнерге арнаған ғазиз жанның қазасы күллі қазақ өнерінің қабырғасын қайыстырып отыр.
> 
> 
> 
> 
> Театр ұжымы марқұмның отбасына, жақындары мен туыстарына, күллі қазақ жұртының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жарқын бейнеңіз жадымыздан ешқашан ұмытылмақ емес, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2022-08-16T05:34:45+06:00

Жаңартылды: 2022-08-16T05:34:45+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/16/tamara-qosybaeva-qajtys-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.