Сарыөзек-Көктал автожолының кезекті бөлігі жабылды

Сарыөзек-Көктал автожолының кезекті бөлігі жабылды

«Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі (56-57 км) көліктің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды Qazaqpress.

«15 тамызда аталған автожол учаскесі (56-57 км) автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды. «Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, «Сарыөзек-Көктал» жолында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», — делінген Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жетісу облысының ТЖД осы бағытта жолға шықпау қажеттігін ескертеді.