---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/08/oralda-kaesipkerdi-oeltirdi-degen-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

![Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/097877160fcd7ac5f8d4b264d910a7e9.jpeg)

**Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында, — деді ІІМ өкілдері.

БҚО ПД мәліметі бойынша, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

> — Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп — жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал, — деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

---

Жарияланды: 2022-08-08T08:23:34+06:00

Жаңартылды: 2022-08-08T08:23:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/08/oralda-kaesipkerdi-oeltirdi-degen-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.