---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/08/almatyda-aliment-toelemej-zhuergen-17-myng-boryshker-aeke-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда алимент төлемей жүрген 1,7 мың борышкер әке бар

![Алматыда алимент төлемей жүрген 1,7 мың борышкер әке бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/201127002054374e.jpg)

**Биыл Алматыда алимент төлемеген 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Жаңабай Ағманов айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Алматы қаласының Әділет департаментінде проблемалық алимент бойынша барлығы 1776 іс бар. Проблемалық алименттердің санын азайту мақсатында департамент жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, полицейлермен және халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша нтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жыл басынан бері 57 борышкер жұмыс тапты.

Сонымен қатар, 2022 жылы алимент өндіру бойынша 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық жауапқа 6 әке тартылды.

> «Борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту аталған ықпал ету шарасы тиімді екенін көрсетті. Нәтижесінде борышкерлер 85 млн теңгеден астам сомаға берешек төледі», — деді спикер.

---

Жарияланды: 2022-08-08T06:43:27+06:00

Жаңартылды: 2022-08-08T06:43:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/08/almatyda-aliment-toelemej-zhuergen-17-myng-boryshker-aeke-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.