Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары

admin by admin
8 августа, 2022
Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары

Жазғы навигациялық кезеңнің басынан бері дүниежүзілік авиация жолаушылар легінің өсуіне байланысты бірқатар проблемаларға тап болды.

Байланысты

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметінше, жолаушылар санының артуы әлемдегі ең ірі әуежайларда көлік дағдарысына және халықаралық әуе компанияларының рейстерінің кешігуіне әкелді. Осы себепті Хитроу (Лондон) және Схипхол (Амстердам) қалаларында жолаушыларға қызмет көрсетуге квота енгізілді. Әлемнің басқа елдеріндегі сияқты Air Astana компаниялар тобының жолаушылар легі жаздың алғашқы екі айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға, ал өткізу сыйымдылығы 30%-ға артты.

Бірінші жартыжылдықта еуропалық әуекомпанияларының ұқыптылық көрсеткіші 75 % болса, маусым айында ол 56,8 % төмендеді. Air Astana ірі торапты әуежайларға ұшатындықтан, халықаралық хабтардағы іркілістер де әуекомпанияның кестесіне әсер етіп, эстафеталық кешігулерді тудырды. Жағдайды Қазақстан әуежайларындағы ұшу-қону жолақтарын жөндеу, қарбалас мерзім кезінде әужайлардың жабылуы және құстармен соқтығысудың көбеюі ушықтырды. Ағымдағы жылдың басынан бері құстармен 63 оқиға тіркелді, оның 10 оқиғасы ұшақтардың зақымдануына алып келді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құстармен соқтығысу саны 22.3%-ға өсті. Жалпы, жазда рейстерді кейінге қалдырудың негізгі себептері техникалық ақаулар, жерде қызмет көрсету, ұшақтың кеш келуі және әуежайлар қойған шектеулер болды. Сонымен қатар, Air Astana рейстерінің уақытында орындалуы өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеп, 74.3% болды.

«Осы жазда бәріміз кезіккен құбылыстардың бірі — жаһандық әуе қатынасының қарқынды қалпына келуі. Бұл пандемия кезінде жұмыстан босату мен шығындардың қысқаруына байланысты көптеген еуропалық әуежайларда қызметкерлердің және ресурстардың тапшылығымен бірге әуежайлардың өздері үшін күрделі проблемалар тудырады. Осыған байланысты көптеген жолаушылар рейстің кешігуіне тап болды, сол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Air Astana-ның бүкіл командасы рейстерді уақтылы орындау көрсеткіштерін жақсарту үшін жұмыс істейді және әрқашан сіздің қауіпсіздігіңіз біздің басты басымдылығымыз болып табылады. Кешігулер санын азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз рейстер санын қысқарттық және Airbus A320 резервтік ұшағын бөлдік. Сонымен қатар, біз Ақпарат және брондау орталығының штатын үлкейттік, сондай-ақ рейстердің кешігуіне байланысты жедел желісін аштық. Жолаушылар сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін +7 7272 44 44 78 нөміріне хабарласа алады», — деді Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер.

Air Astana сонымен қатар компанияның жұмысын жақсартуға арналған даму жоспарымен бөліседі. 2022 жылдың соңына дейін компаниялар тобы Air Astana авиапаркі үшін 2 Airbus A321LR ұшағын және FlyArystan флоты үшін 3 Airbus A320neo ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы 2020 жылғы ортасынан 2022 жылғы наурыз айына дейін 13 ұшақ флотты толықтырды. 2025 жылдың ортасына дейін тағы 24 әуе кемесі жеткізіледі және ұзағырақ пайдаланылған кейбір ұшақтарды алмастырады.

Әуе кемелеріне Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әуекомпанияның инженерлік-техникалық орталықтарында техникалық қызмет көрсетіледі, сонымен қатар өңірлік базаларды кеңейту жоспарланып отыр. Өзгерістер экипаждың дайындығына да әсер етеді. Нұр-Сұлтанда ұшқыштар мен бортсеріктерді оқыту үшін арнайы жаңа оқу орталығы салынады, оның құрамына толық пилотажды тренажеры кіреді. Жобаның құны 10,4 миллион АҚШ доллар. Оқу орталығы 10 жыл ішінде 18,3 миллион АҚШ долларын үнемдеп, Қазақстанда қымбат тұратын оқытуды жүргізуден басқа ұшқыштарды операциялық қызметке зарарын тигізбей қысқа мерзім ішінде қайта даярлауға көмектеседі. Осының барлығы әуекомпаниясына инженерлік-техникалық қызмет көрсету жағынан ғана емес, сонымен қатар ұшу құрамын дайындау бойынша да өңірдегі көшбасшылардың біріне айналуға мүмкіндік береді.

Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, airastana.com веб-сайтында төменгі оң жақ бұрыштағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com анықтамалық орталыққа хабарласыңыз..

Рейс кешіктірілген жағдайда жедел желі нөмірі: +7 7272 44 44 78.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Шілде айында Қазақстанда қолданылған баспана бағасы 26,4%-ке өсті

Келесі жаңалық

Неліктен солақайлар спортта жоғары бағаланады?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Категориясыз

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

16 марта, 2026
«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады
Категориясыз

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

16 марта, 2026
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
Категориясыз

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

15 марта, 2026
Референдум өте жақсы ұйымдастырылды – Италиялық Азия институтының басшысы
Категориясыз

Референдум өте жақсы ұйымдастырылды – Италиялық Азия институтының басшысы

15 марта, 2026
Еліміздегі 116 жастаы ен карт турын дауыс берді
Категориясыз

Еліміздегі 116 жастаы ен карт турын дауыс берді

15 марта, 2026
Алматы қаласы Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінде «Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсенділік танытуда
Категориясыз

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы сайлау учаскелерінде «Қазақ аналары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсенділік танытуда

15 марта, 2026
Келесі жаңалық

Неліктен солақайлар спортта жоғары бағаланады?

Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс

Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Елімізде 330 бала коронавирустан емделіп жатыр

Елімізде 330 бала коронавирустан емделіп жатыр

1 ноября, 2020
Автомобиль жолдары комитеті Ақмола және Қостанай облыстарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Автомобиль жолдары комитеті Ақмола және Қостанай облыстарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

22 июля, 2025
Алматыда биыл тұрғын үй секторында 325 рет өрт шықты

Алматыда биыл тұрғын үй секторында 325 рет өрт шықты

14 ноября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
  • «Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады
  • «Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.