Алматы облысындағы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта атыс болып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Олардың бірі қайтыс болды.
«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз