Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды

Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Innova Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Салымшылардың жалпы саны 1300-ден аса адам, қаржы пирамидасынан келген шығын анықталып жатыр, — деді ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.

Ұйымдастырушыға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

— Егер сіз немесе туыстарыңыз Innova Gold қызметінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласуыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.