---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/08/02/engbek-zhaene-halyqty-aelewmettik-qorghaw-vice-ministri-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

![Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/08/untitled.jpg)

**ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ордабаев Олжас Темірбекұлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Олжас Ордабаев 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, «Cesar Ritz Colleges Switzerland» (Цезарь Ритц колледжі Швейцария, Манчестер Метрополитан университеті) бітірген.

2007-2014 жылдары бірқатар қоғамдық ұйымдарды басқарды.

2014-2015 жылдары «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік басқармасының бас менеджері қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП, Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры, басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі қызметін атқарды.

2022 жылғы наурыздан бастап «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеді.

---

Жарияланды: 2022-08-02T06:49:50+06:00

Жаңартылды: 2022-08-02T06:49:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/08/02/engbek-zhaene-halyqty-aelewmettik-qorghaw-vice-ministri-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.