---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/29/almatyda-daeriger-11-zhastaghy-bala-zorlanghanyn-maelimdedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді

![Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/photo_348912.jpeg)

**Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты «НеМолчиKz» қоғамдық қорының өкілдері айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.

> «Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт», — деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай факт шынымен де тіркелгенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.

> «Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, факт расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

---

Жарияланды: 2022-07-29T07:37:38+06:00

Жаңартылды: 2022-07-29T07:37:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/29/almatyda-daeriger-11-zhastaghy-bala-zorlanghanyn-maelimdedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.