Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді

Алматыда дәрігер 11 жастағы бала зорланғанын мәлімдеді

Алматыда емдеу мекемелерінің бірінің дәрігері 11 жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді. Ақпаратты «НеМолчиKz» қоғамдық қорының өкілдері айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, зардап шеккен бала туысымен бірге дәрігерге келген.

«Дәрігер қарап, оның бірнеше рет зорланғанын түсінген. Балаға хирургиялық көмек қажет. Бұл оқиғаның егжей-тегжейін әзірге ашпаймын, бірақ ол адам шошитын жайт», — деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Полицейлер мұндай факт шынымен де тіркелгенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу амалдарын Медеу ауданының полицейлері жүргізіп жатыр.

«Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Баға беріліп, факт расталған жағдайда заңға сәйкес шаралар қабылданады», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.