---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/28/parimatch-foundation-shymkenttegi-balalargha-arnalghan-zhabyq-fwtbol-twrnirine-qoldaw-koersetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Parimatch Foundation Шымкенттегі балаларға арналған жабық футбол турниріне қолдау көрсетті

![Parimatch Foundation Шымкенттегі балаларға арналған жабық футбол турниріне қолдау көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/photo-2022-07-28-15-37-33.jpg)

**Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры Шымкент қаласының №4 балалар үйінің қамқорлығындағы балалары қатысқан футболдан****«****Жайдарлы Жаз****»****жабық балалар чемпионатын ұйымдастыруды қолдады.**

Турнир 23 және 24 шілде күндері «Үш Бұлақ» балалар лагерінің аумағында өтті. Жарысқа Шымкент қаласының №4 балалар үйінен Parimatch Foundation «Спорт тәлімгері» бағдарламасының тәрбиеленушілері болып табылатын 30 баланы қоса алғанда 48 ойыншы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында қайырымдылық қоры Шымкенттегі ең ірі балалар үйлерінің бірінде футбол мен баскетболдан екі жаңа секция ашқан болатын. Балаларға жаңа форма, спорттық жабдықтар, сондай-ақ үлкен тәжірибесі мол кәсіби жаттықтырушылар ұсынылды. Parimatch Foundation қолдауымен, қажырлы, үздіксіз жаттығуларымен жас спортшылар қалалық және республикалық турнирлерге белсенді қатыса бастады.

*«**Шымкент қаласының №4 балалар үйінде**«**Спорт тәлімгері**»**бағдарламасы іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өтті. Балалар секцияның ашылуының алғашқы күнінде ынта көрсетіп қана қоймай, жыл бойы осы бағыт-бағдарды ұстап келе жатыр. Бұны нәтижелерден байқауға болады. Біз олардың осы бағыттағы дамуын үлкен ықыласпен бақылап, әрбір жаңа жетістігімізбен мақтанамыз**»**, — деп хабарлады PM Foundation-ның Қазақстандағы ресми өкілі Виктория Андреева.*

Шынымен мақтануға тұрарлық жағдай бар. Өткен турнирде №4 балалар үйінің командаларының бірі бірінші орын алып,  үздік шабуылшы және үздік қақпашы атты екі номинация бойынша жеңіске жетті. Жас чемпиондардың тәлімгері ретінде СШК және футболдан Қазақстан чемпионы, шымкенттік «Жігер» және алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы, сүйікті жаттықтырушысы Марат Тұрлиев болды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/07/photo-2022-07-28-15-37-34-300x200.jpg)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2022/07/photo-2022-07-28-15-37-32-300x200.jpg)

 

---

Жарияланды: 2022-07-28T10:06:03+06:00

Жаңартылды: 2022-07-28T10:06:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/28/parimatch-foundation-shymkenttegi-balalargha-arnalghan-zhabyq-fwtbol-twrnirine-qoldaw-koersetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.