---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/28/almatyda-taghy-bir-qarw-zharaq-qojmasy-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

![Алматыда тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/photo_102245.jpeg)

**Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабынан табылған. Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапқан. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелген.

Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалған.

---

Жарияланды: 2022-07-28T07:52:59+06:00

Жаңартылды: 2022-07-28T07:52:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/28/almatyda-taghy-bir-qarw-zharaq-qojmasy-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.