---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/27/qazaqstanda-zheti-oengirde-prokwrorlar-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда жеті өңірде прокурорлар тағайындалды

![Қазақстанда жеті өңірде прокурорлар тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/2017082813543653172_8403457.jpg)

**Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды, — делінген хабарламада.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

- Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
- Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
- Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
- Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
- Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
- Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
- Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

---

Жарияланды: 2022-07-27T08:55:42+06:00

Жаңартылды: 2022-07-27T08:55:42+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/27/qazaqstanda-zheti-oengirde-prokwrorlar-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.