---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/26/alayaq-aejel-almatylyqtardy-300-mln-tenggege-aldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдады

![Алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/130923-image.jpg)

> **Тендерді жеңіп алуға көмектесетінін айтқан алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметі бойынша, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді әйелді ұстады.

> «Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті «жақсы таныстарына» сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 млн теңгеге жетті», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Полиция өкілінің айтуы бойынша, күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

---

Жарияланды: 2022-07-26T07:00:53+06:00

Жаңартылды: 2022-07-26T07:00:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/26/alayaq-aejel-almatylyqtardy-300-mln-tenggege-aldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.