Банктерге Қазақстаннан рубль шығаруға рұқсат берілді

Банктерге Қазақстаннан рубль шығаруға рұқсат берілді

Үкімет банктерге Қазақстаннан қолма-қол рубльді шығаруға рұқсат берді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Қаулы НҚА эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды.

— Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне 2022 жылғы 31 тамызға дейін кассаларда 1 шілдедегі сағат 23:59-ға дейін жинақталған көлем шегінде Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін, — делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.