Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Президент әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың 2022 жылғы 20 шілдедегі өкімі бойынша Байбеков Шалқар Заманбекұлы әкімнің орынбасары болып тағайындалды, — делінген хабарламада.