---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/19/zhogharghy-sot-sejitqazy-men-aeset-mataevtardy-aqtaw-uekimin-shyghardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды ақтау үкімін шығарды

![Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды ақтау үкімін шығарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/photo_101906.jpeg)

**Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевты ақтады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов мәлімдеді.

> — Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарап, қылмыстық істі жаңадан апелляциялық сот отырысына жіберді. 24 маусымда Жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта бас прокурор іске қатысты елеулі мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа апелляциялық қарауға жіберуді сұрады. Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығы танылған. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

---

Жарияланды: 2022-07-19T07:24:29+06:00

Жаңартылды: 2022-07-19T07:24:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/19/zhogharghy-sot-sejitqazy-men-aeset-mataevtardy-aqtaw-uekimin-shyghardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.