Нұрлан Мәсімов шекарадан өтпек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
— Биыл 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Павлодар облысы Полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген болатын.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз