---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/11/toqaev-engbek-zhaene-halyqty-aelewmettik-qorghaw-ministrine-birqatar-tapsyrma-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне бірқатар тапсырма берді

![Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне бірқатар тапсырма берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/kz1-4069-2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.

---

Жарияланды: 2022-07-11T08:18:09+06:00

Жаңартылды: 2022-07-11T08:18:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/11/toqaev-engbek-zhaene-halyqty-aelewmettik-qorghaw-ministrine-birqatar-tapsyrma-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.