---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/11/aqtoebe-oblysynda-6-zhasar-bala-swgha-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға кетті

![Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/2021_05_16_3ad6daf0-2cdc-4709-b308-36bda00aa953.jpeg)

**Ақтөбенің Алға ауданы, Есет батыр ауылында 6 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға 10 шілде күні сағат 16:15-те тіркелді. Облыстық ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Алға ауданы, Есет батыр ауылындағы қайғылы жағдай туралы хабарлама түсті.

> «2016 жылы туған баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен кезде Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында баланың суға түскені белгілі болды. Ата-ананың қарауынсыз қалған. Тыйым салынған жерге шомылған. Нәтижесінде құтқарушылар 2,5 метр тереңдіктен 6 жасар баланың денесін шығарды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2022-07-11T06:08:38+06:00

Жаңартылды: 2022-07-11T06:08:38+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/11/aqtoebe-oblysynda-6-zhasar-bala-swgha-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.