Үкіметте КҚК-дағы жағдайға байланысты шаралар талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.