---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/06/sot-bloger-mahambet-abzhandy-2-aj-kuezetpen-ustaw-sharasyn-sankciyalady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сот блогер Махамбет Абжанды 2 ай күзетпен ұстау шарасын санкциялады

![Сот блогер Махамбет Абжанды 2 ай күзетпен ұстау шарасын санкциялады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/69b597ad-1d53-4424-b014-fce36381d9f1_cx0_cy11_cw77_w1200_r1.webp)

**Ірі көлемде ақша бопсалау күдігіне ілінген блогер Махамбет Абжан 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Абжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», — деп жазды қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова Facebook парақшасында.

Еске салсақ, 3 шілде күні Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына отырғызылған еді.

---

Жарияланды: 2022-07-06T05:48:24+06:00

Жаңартылды: 2022-07-06T05:48:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/06/sot-bloger-mahambet-abzhandy-2-aj-kuezetpen-ustaw-sharasyn-sankciyalady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.