---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2022/07/04/qr-sim-oezbekstandaghy-songghy-oqighalargha-qatysty-maelimdeme-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады

![ҚР СІМ Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2022/07/photo_101277.jpeg)

**Қазақстан Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. **

> — Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес.
> 
> 
> 
> 
> Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады.
> 
> 
> 
> 
> Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз.
> 
> 
> 
> 
> Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылғы 14 маусымдағы Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылғы 6 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем, — делінген мәлімдемеде.

---

Жарияланды: 2022-07-04T04:57:49+06:00

Жаңартылды: 2022-07-04T04:57:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2022/07/04/qr-sim-oezbekstandaghy-songghy-oqighalargha-qatysty-maelimdeme-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.